Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

АУДАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

АУДАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Имантау, Жоғарғы Бұрлық, Цуриковка. 2600-ден астам адам тұрып жатқан бұл үш ауыл Имантау селолық округінің құрамына енеді. Туристік аймақта аптап ыстық бола салысымен демалушылар саны күрт артады. Өйткені, табиғаты көркем көлге еліміздің түкпір-түкпірінен меймандар келеді. Ал, олардың қауіпсіздігі - басты назарда. Мұндағы учаскелік полиция пункті селолық әкімдік ғимаратында орналасқан. Жұмыс сапарымен келген Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов тәртіп сақшыларының қызмет жағдайымен танысты.

Айыртау ауданы ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Қанат Төлендинов: «Үстіміздегі жылдың 6 айында Имантау селолық округінде 6 қылмыс тіркелді. Өткен жылы да осынша факті орын алған болатын. Биыл 75 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 15 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді.

Бүгіндері Имантау ауылының 2 жағында қос камера орнатылған. Ондағы жазылған бейне қызметтік компьютерге келіп түседі. Жиын барысында қылмыстардың алдын алу үшін қосымша тағы бейнекамералар қою қажеттігі айтылды.

Аудан әкімі Бейбіт Исманов Айыртау аудандық ішкі істер бөліміне екі автокөліктің кілтін табыстады. Ал СҚО ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов «Ішкі істер органдарының ардагері» медалімен Айыртау ауданы ІІБ азаматтық және қызметтік қарудың айналымын бақылау жөніндегі топтың инспекторы, полиция майоры Берік Шайгөзовті марапаттаса, «2 дәрежелі мінсіз қызметі үшін» медалімен Айыртау ауданы ІІБ көші-қон қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Тұрлыбек Жамалиденовтерді марапаттады. Сондай-ақ Берік Сұлтанғазыұлы «Қазақстан полициясына – 25 жыл» медальдарын аудан әкімі Бейбіт Исманов пен «Авиокомпания Дельта СК» ЖШС директоры Игорь Жанабаевтарға табыстады.

Ішкі істер департаментінің алғыс хаттарымен Арықбалық орман шаруашылығының директоры Леонид Ларионов, Шалқар орман шаруашылығының директоры Дулат Орымбаев, Айыртау ІІБ уақытша ұстау изоляторының басшысы Арман Сүлейменов, жергілікті полиция қызметінің Арықбалық селосы полиция учаскелік испекторы Шоқан Ысқақовтарды марапаттады. 

басқа жаңалықтар