Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ «ЦИФРЛАНДЫРУ»

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ «ЦИФРЛАНДЫРУ»

Біздің елімізде «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Еліміздің табысты дамуы білім беру сияқты маңызды саланы цифрландырусыз мүмкін еместігіне күмән жоқ.

Білім беру саласында цифрландыру үш бағыт бойынша дамуда: білім беру саласында ақпараттық жүйені дамыту, оқыту процесін ақпараттандыру, it-мамандарды даярлау. Қазір еліміздің білім беру ұйымдарында 3 сыныптан бастап информатика пәні енгізіледі. Bilimland сайты құрылды, онда 40 мыңнан астам дәрістер мен интерактивті сабақтар орналастырылған. Ата-аналардың оқушылардың электрондық күнделіктеріне қол жетімділігі бар, бұл өте ыңғайлы және оқу үдерісін бақылауға мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімованың ақпаратына қарағанда, облыстың 485 мектебінде электронды күнделік пайдаланылуда. Облыстың 6 колледжінде 240 it-маман даярлауға тапсырыс берілген. Білім беруге цифрландыруды енгізумен байланысты барлық үдерістер педагогтар мен оқушылардың әлемдік білім беру кеңістігінің оқулықтарына, дәрістері мен әдістемелеріне қол жетімділігін арттыруға көмектеседі, оқыту процесінің ашықтығын арттырады.

Бұл процесс біздің ауданда қалай жүруде? Осы мәселе бойынша Айыртау ауданы білім бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Ж. Қ. Төлеуов ақпаратымен бөлісті.

«Қазіргі уақытта ауданда 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның 43-і интернет желісіне қосылған. 27 мектепте интернет желісіне кең жолақты қатынау бар, ал 16 мектепте интернеттің жылдамдығы төмен. Ауданның 22 мектебінде 47 Wi-Fi нүктелері бар.

Ауданның барлық мектептерінде «Күнделік» электрондық журналы енгізілді. Ауданның 25 мектебінде «Bilimland» сандық білім контентін белсенді пайдаланады.

2017-2018 оқу жылында Айыртау орта мектебі «BilimBook» пилоттық жобасына кірді. Мектепке интерактивті сынып алынды: барлық қажетті аксессуарлары бар 14 ноутбук-планшет және интерактивті тақта бар. Осының бәрін «Bilim Media Group» компаниясы ұсынды, ол жеке құрылғы - Қазақстан мектептерінде оқытудың интерактивті формаларын қалыптастыру мен дамытуда жаңа кезең ашатын «BilimBook» дербес оқыту планшетін әзірледі.

Бүгінгі күні дербес компьютерлермен қамтамасыз ету 37 пайызды  (1690 комплект) құрайды. Мектептердің жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықталуы: физика бойынша - 20, бұл 46,5% құрайды; химия бойынша – 14, бұл 32,5% құрайды; биология бойынша – 19, бұл 44% құрайды. Лингафондық кабинеттермен 25 мектеп жабдықталған, бұл 58% құрайды. Аудан орталығының мектептерінде 12 робот бар».

басқа жаңалықтар