Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ПАРАҒА ЕМЕС, БИІККЕ ҰМТЫЛ

ПАРАҒА ЕМЕС, БИІККЕ ҰМТЫЛ

Өңірімізде ақпан айында басталған «Адал жол» республикалық марафоны жалғасуда. Астана қаласының 20 жылдығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығына орай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парақорлыққа төзбеушілік принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараның эстафетасы 29 маусым күні Тайынша ауданынан Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарына берілді. Осыған орай Тайынша қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында форум өтті.

Осы шараға облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев, СҚО бойынша жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро депратаментінің инспекторы Светлана Зайцева, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ партиялық бақылау инспекторы Александр Бодуновский, Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Николай Трифонов, Тайынша қаласының жұртшылығы қатысты. Эстафетаны беру шарасынан соң, көрермендерге шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жыл бойына жалғасатын «Адал жол» акциясы аясында барлық сала қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әртүрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Ал ауданымызда алдағы бір ай бойы жемқорлыққа қарсы күресті насиахаттайтын әр-түрлі іс-шаралар өтетін болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол — Чистый путь» марафоны әрі қарай жұмыс жасауда жақсы серпін мен ынталандыру ретінде болу керек.

Шараны басты мақсаты - әр ұйымға, әр адамға жемқорлықтың зиянын хабарлау.  Жемқорлыққа қарсы өткізіліп отырған «Адал жол» акциясы желтоқсан айында аяқталатын болады.

Сыбайлас жемқорлық — ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің  еліміз үшін өте маңызды болып табылады.

басқа жаңалықтар