Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Қазақстан халқының даму тарихы мал шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Мал шаруашылығының өнімі жекелеген аулалардың жанұялық бюджетін толықтырып, егін шаруашылығымен қатар дамып отырды

Қазіргі жағдайдағы дамыған мал шаруашылығы мен оның өнімдерінің тұтынушылығы өзінің маңыздылығын жоймайды, мемлекет мал шаруашылығының дамуына бүгінгі таңда басты көңіл бөлуде, бағалы табиғи және сапалы азық-түлікпен тұрғындардың ішкі тұтынушылығын толық қамтамасыз ету мақсатында оның дамуына субсидиялар бөлінуде. Бұл ретте мал шаруашылығы саласының үдемелі дамуы аумақтың ветеринарлық игілігіне байланысты екендігін естен шығармаған жөн, мал шаруашылығының жұқпалы аурулар бойынша жағдайы мәз болмаған жағдайда, оның әрі қарай дамытылуы жайында сөз қозғаудың өзі орынсыз.

Қай кезеңде болмасын, мал дәрігерінің жоғары бағаланатындығын, оның ауылда сыйлы адам болып есептелетіндігін ұмытпау қажет. Елді мекенде медициналық қызметкер болмай қалған жағдайларда адамдар мал дәрігеріне жүгінеді. Мал шаруашылығының дамуында мал дәрігерінің рөлі ұшан-теңіз.

Кеңес өкіметі кезінде мал шаруашылығына бруцеллез бен туберкулез сияқты жұқпалы аурулар орасан шығындар келтірді, осының салдарынан жыл сайын малдың 10-15 пайызы пышаққа ілінетін. Осындай аурулардың жаппай таралуы кезеңдерінде, сауықтыру шараларының маңыздылығын есепке ала отырып, көптеген жағдайларда облыстар мен аудандардың бірінші басшылығына мал дәрігерлерін тағайындайтын. Бір кездері Көкшетау облысын К.А. Тәукенов басқарды, мамандығы мал дәрігері болатын, оның бірінші орынбасары О.В. Виноградов болды, ол да мал дәрігері. Біздің бұрынғы Володар ауданында аудандық партия комитетінің бірінші басшысы Б.А. Көшімбаев болды, мамандығы мал дәрігері, сол кездегі аудандық атқару комитетінің төрағасы В.Я. Бережнойдың да мамандығы мал дәрігері еді.

Ауданымыздың ветеринария қызметін 1962-1982 жылдары 20 жылдай Е.Н. Хаятов, 1982-1986 жылдары Қ.Ш. Шәкубасов басқарды, ал 1987 жылдан осы уақытқа дейін Б.К. Махметов басқарады.

Малдың туберкулез, бруцеллез сияқты жұқпалы ауруларына қарсы сауықтыру шараларының арқасында ветеринарлық-санитарлық нысандардың құрылысы жүргізілді, 1983 жылдан бастап Белоруссия мен Украинадан дені сау ірі қара малдар әкелінді. Осылардың нәтижесінде 1990 жылдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік, осы кезең ішінде ауданымыздың кеңшарлары мен елді мекендері мал бруцеллезінен, туберкулезінен сауықтырылды.

Бүгінгі таңда аудан аса жұқпалы инфекциялық аурулар бойынша игілікті аймақтардың қатарында, соңғы 5 жыл ішінде малдың бруцеллезбен ауруы тіркелген жоқ, тек бруцеллезге малдың оң әсер ететін бірен-саран ғана жағдайлары орын алды. Осы жылдар ішінде мал шаруашылығынң жоғары үдемелі дамуына қол жеткізілді.

Ауданымыздың мал шаруашылығы саласының дамуына бірінші басшылар Т.Б. Боқанов, Б.А. Көшімбаев, Е.Қ. Қабданов, А.Ә. Әбілқайыровтар мол үлес қосты. Ауыл шаруашылығы басқармасының бастықтары болып 1963-1976 жылдары И.С. Батурин, 1976-1980 жылдары Д.П. Гиря, 1980-1986 жылдары П.В. Гайдин, 1986-1989 жылдары Я.Т. Савченколар қызмет істеді.

Ауданымыздың барлық экономикасын, кейіннен терең сараптама жүргізе отырып, ауыл шаруашылығы басқармасының жоспарлау бөлімінің бастығы А.Н. Федрунов жоспарлайтын, бұл лауазымда ол 1973 жылдан 1990 жылға дейін істеді, 1990-1992 жылдары зейнетақы қорының бастығы, 1993 жылдан 2002 жылға дейін аудан әкімінің орынбасары. Ю.Я. Пономаренко Каменноброд кеңшарын 20 жылдан астам басқарды, сол кезеңде кеңшарға «Ленин» ордені берілді, В.В. Ростов Борлық кеңшарын басқарды.

Осы жылдары мал шаруашылығының дамуында жоғары жетістіктерге қол жеткізілді, кеңшарларда ірі қара малдың саны 45-46 мың басқа, жеке аулаларда 16-17 мың басқа, кеңшарлардағы қой саны 42-43 мыңға өсті. Тірілей салмақтағы ет өндірісі жылына 10 000 мың тоннаға, сүт 30-32 мың тоннаға дейін жеткізілді. Жылына 3000 тоннадан астам сүт Комаров, Шалқар, Завет Ильича, Кутузовка кеңшарларында өндірілді.

басқа жаңалықтар