Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

Майдангерім, ерлігіңе мақтанам...

Майдангерім, ерлігіңе мақтанам...

9 мамыр – Жеңіс күні айыртаулықтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ монументінің жанына жиналды. 

Осыдан 73 жыл бұрын адамзат баласына ауыр зардаптарын әкелген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы бабалар батырлығының арқасында жеңіспен аяқталды. От пен оқтың ортасында жүріп, жаумен айқасқан жауынгерлер ерлігі бізге бейбіт күнді сыйлады. Сондықтанда бүгінгі ұрпақ қайсар қазақ қыз-жігіттерінің батырлығы алдында бас иіп, ерліктерін еш ұмытпақ емес.
9 мамыр – Жеңіс күні айыртаулықтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ монументінің жанына жиналды. 
Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Айыртау аудандық филиалының төрағасы Бейбіт Исманов аудан мекемелері мен ұйымдарының өкілдерімен бірге Тәуелсіздік Стелласынан Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ монументіне жас ұрпақ өкілдерінің қошеметтеуімен бет алды.
Аудан басшысы Бейбіт Қайыркешұлы бастаған ауданның еңбек ұжымдары мен жас буын өкілдері соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ монументіне гүл шоқтарын қойды. Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қан майданнан оралмаған боздақтарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды.
Аудан басшысы Бейбіт Қайыркешұлы соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін,  осы митингке жиналған жұртшылықты Жеңіс мерекесімен құттықтауында: «Жеңімпаз халқымыздың жанкештілігі мен қаһармандығы еліміздің және бүкіл адамзаттың тарихында өшпес кезең болып мәңгілік қалады.
Ардагерлер, майдангерлер, тыл еңбеккерлері, партизандық қозғалысқа  қатысушылар, сондай-ақ жазықсыз қуғын-сүргін мен жер аударудың зобалаңын бастан өткергендердің, алапат соғыстан кейін елді қалпына келтіргендердің баршасына тағзым етеміз!
Бүгінгі біздің қасиетті парызымыз – аға ұрпақтың мұң-мұқтажын ұмытпау, Жеңісіміздің тарихы жастарды, кейінгі ұрпақты отаншылдық, достық пен келісім сезіміне тәрбиелеуде басты өнеге болып қала беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс халықтың бірлігінің, майдан мен тыл бірлігінің, ұрыс даласындағы жаппай қаһармандықтың және халықтың еңбектегі ерлігінің нәтижесі   екені сөзсіз» - дей келе, баршасының отбасына амандық,  мықты денсаулық, ұзақ та  бақытты ғұмыр, туған-туысқандары мен жақындарына бақыт тіледі. 
Жеңіс күніне арналған салтанат одан әрі Айыртау гарнизоны әскери қызметкерлерінің, ауданның құқық қорғау қызметшілерінің, әскериленген өрт сөндіру бөлімінің, мектеп, колледж, оқушыларының, мемлекеттік мекемелердің қатысуымен мерекелік шеруге ұласты. Ауданның білім мекемелерінің қызметкерлерімен, оқушылармен, еңбек ұжымдары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдерінің ұйымдастыруымен қойылған соғыс кезіндегі көріністер де ешкімді де бей-жай қалдырмады. Ол да көпшілік үшін әсерлі болды. Өйткені салтанатты шеру биылғы Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған аудан жұртшылығының «Мәңгілік полк» жобасымен жалғасты.  
Салтанатты шараның соңы жылдағы дәстүр бойынша және түрлі спорттық жарыстарға, ауданның көркемөнерпаздарының күшімен дайындалған мерекелік концертке ұласты. Аудан әртістерінің мерекелік концертін тамашалаған ардагерлер «Алладина» дәмханасында ұйымдастырылған аудан әкімінің мерекелік дастарханында бас қосты. 
Осы күні кешкілік Жастар ре-сурстық орталығы директоры Мәдениет Құттыбаев пен аудан әкімінің жастар мәселесі жөніндегі кеңесшісі Алмат Сейдахметовтың ұйымдастыруларымен соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Даңқ монументіндегі Мәңгілік  алау жанында еске алу акциясын өткізді. Орталық алаңда мерекелі би кеші кеші ұйымдастырылып, Жеңіс күніне арналып отшашу шашылды.
 

басқа жаңалықтар