Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

«MUZART» ПЕН «MUZARTLIFE» ТОПТАРЫ ҚОНАҚТА

«MUZART» ПЕН «MUZARTLIFE» ТОПТАРЫ ҚОНАҚТА

Айыртаулық ән-сүйер көремермендердін қуаныштарында шек жоқ. Алғашқы рет «МузАрт» ансамблі айыртаулық жанкүйерлерімен қауышты. Қазан айының 11 жұлдызында серілер елі Айыртауда қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «МузАрт» тобы өздерінің жеке коцертін берді. 

Вокалды аспаптардың сүйемелдеуімен өткен ән-кеші толығымен жанды дауыста өтті. Концерт боларын естіген ауданның алыс-жақын ауылдарынан қазақ әнін, музыкасын сүйетін тұрғындар концертке келіп, залда ине шаншра жер қалмады.  

«МузАрт» тобының ізбасарлары «Muzart live» жобасының жеңімпаздары да осы кештің қонақтары болды. Кезіндегі сыршыл әндерімен халық жүрегін баураған «МузАрт» сияқты бірден қошеметтің астына алды. «100% жақсы көрем» атты жаңа әнді орындау барысынан тәжірибелі леп аңғарылғандай.

«МузАрт» тобының құрылғанына биыл 17 жыл толып отыр. Концерт барысында  ел арасында кең тараған әндерiн орындап, көпшiлiк қошеметiне бөлендi. Тыңдармандар өз тарапынан өлең арнап, сыйлықтарын, шоқ-шоқ гүлдерін табыстап жатты. 

Бүгінгі заман серілері осылар. «Өз елімді» шырқап, сахнаға жарқ етіп шыға келгенде халықтың шынайы ықыласын бірден жаулап алады. Қай әндеріне салса да, қайнардан қанып ішкен таланттар екені танылып тұрады.
Бүгінгі қазақ эстрадасының «Үш қоңыры», муза әлемінің мұзарты «МузАрттың» мұзбалақтары ән көгінде әрдайым осылай биіктей берсін деймін!

басқа жаңалықтар